ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

«Екі қақпашының орындарын ауыстырса»: Бельгиялық сарапшылар Анарбековті әлі де талқылап жатыр

Бүгін, 11:57

Эби Брузакис: Екі команданың қақпашыларын орындарымен ауыстырса, матчтың есебі мүлде басқа болар еді

«Екі қақпашының орындарын ауыстырса»: Бельгиялық сарапшылар Анарбековті әлі де талқылап жатыр
anarbekov_temirlan77 / instagram

Бельгиялық екі спорт сарапшысы Қазақстан құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбековтің Бельгияға қарсы өткен әлем чемпионатының іріктеу матчыдағы өнеріне қатысты эфир барысында пікір таластырды.

RTBF Sport журналисі Эби Брузакис Чесноков алаңнан кетіп, қонақтар 17 минут бойы сан басымдығына ие болған кезеңде бельгиялықтар есепті өзгерте алмағанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл – Анарбековтің жеті тиімді сейвінің тікелей нәтижесі.

«Екі команданың қақпашыларын орындарымен ауыстырса, матчтың есебі мүлде басқа болар еді. Сан басымдыққа қарамастан, бельгиялықтар дәл сол уақытта ойын тізгінін жоғалтып алды», – деді ол.

Алайда бұрынғы «Брюгге» мен «Гент» ойыншысы, сарапшы Нордин Джбари әріптесінің пікірін қолдамады. Оның сөзінше, Анарбеков «аса ерекше» сейвтер жасаған жоқ.

«Біз допты тым жиі тура қақпашының үстіне немесе жанына бағыттадық. Шабуыл мүмкіндіктері табиғи бомбардир емес ойыншыларға келіп жатты, ал ондай сәттерді голға айналдыру қиынырақ. Бұл матчтағы шешуші факторлардың бірі болды», – деді Джбари.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам