ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Еуропа чемпионатына іріктеу: Қазақстан жасөспірімдері алғаш рет топтан шықты

Бүгін, 17:38

Есепті 15 жастағы Роман Черноморец ашты

Еуропа чемпионатына іріктеу: Қазақстан жасөспірімдері алғаш рет топтан шықты
ҚФФ

Футболдан Қазақстанның 17 жасқа дейінгі құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде алғаш рет топтан шықты. Шешуші матчта команда Албанияны 2:0 есебімен жеңді.

Есепті 15 жастағы Роман Черноморец ашты. Екінші голды оның «Қайрат» клубындағы командаласы Абылай Жылқайдар соқты. Жерлестеріміз «Интер» академиясының қақпашысы Симон Лешидің қақпасын дәл көздеді.

Айта кетейік, Албания сапында «Интер» академиясынан екі ойыншы, сондай-ақ «Тоттенхэм», «Фиорентина», «Болонья», «Торино» және «Эмполи» командаларынан бір-бір футболшыдан алаңға шықты. Ал қарсылас құрамасы сапындағы жалғыз гол авторы – «Тоттенхэм» академиясының түлегі.

Матч нәтижесі:
Қазақстан – Албания – 2:1  
21' – Роман Черноморец (1:0)
58' – Абылай Жылқайдар (2:0)
76' – Элсон Хималлари (Албания)
90+5' – Арменд Муслика (2:1)

Естеріңізде болса, Қазақстан бірінші турда турнир қожайыны Хорватияны 2:1 есебімен жеңсе, екінші ойында Нидерландқа 1:4 есебімен жол берді. Айта кетсек, Хорватияның бұған дейінгі U-17 құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионатына жолдама алған еді.

Еуро-2026: іріктеу форматы

2026 жылы өтетін Еуропа чемпионатына жеті жолдама 28 команданың арасында сарапқа салынады. Матчтар көктемде өтеді, ал жеребе және ойын күндері әлі жарияланған жоқ.

А лигасының форматы:

28 команда – 7 топ

Әр топтың жеңімпаздары – Эстониядағы Еуро-2026 финалына жолдама алады

Эстония өз тобында бірінші орын алса, қосымша (сегізінші) жолдама үздік екінші орын алған командаға беріледі

В лигасы:

Негізгі раундтағы топтардың 3-4-орын алған командалары келесі іріктеуге қатысу үшін А лигасына шығуға таласады

Бұл жүйе ересектер арасындағы Ұлттар лигасына ұқсас, бірақ жасөспірімдер футболында тек екі дивизион қарастырылған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам