«Барыс» маңызды жеңіске жетіп, турнирлік кестеде үшінші орынға көтерілді

Енді «Барыс» қатарынан тоғыз ойынды сырт айдында өткізеді

Барыс ХК
Барыс ХК

Астананың «Барысы» өз айдынында «Автомобилисті» қабылдап, 4:1 есебімен ойсырата жеңді. Соның арқасында Кравец баптайтын команда турнирлік кестенің үшінші сатысына көтеріліп отыр.

Ойындағы есеп 11-минутта ашылды. Айдын иелері сапынан Чейз Приски дәл соққысымен көзге түсті. Мұнан кейін жанкүйерлер бірінші кезеңде соғылған гол көрген жоқ.

Екінші кезеңде Артем Каштанов есепті теңестірген. Алайда, кезең аяқталар тұста Джей Масси «Барысты» қайта алға шығарды.

Ал, үшінші кезеңде астаналықтар қарсылас қақпасына жауапсыз екі гол соғып, ойын тағдырын шешіп тастады. Алдымен Дінмұхамед Қайыржан артық құрамды пайдаланып, қанжығасын майласа, Өмірбеков 55-минутта соңғы нүктені қойды.

Енді «Барыс» қатарынан тоғыз ойынды сырт айдында өткізеді. Келесі матч 17 қазанға жоспарланған. Бұл күні астаналықтар Новосибирск қаласына қонаққа барып, жергілікті «Сибирь» клубымен кездеседі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам