«Барыс» «Адмиралдан» овертаймда жеңіліп қалды

«Барыстың» келесі ойыны 26 қазанға жоспарланған

Барыс ХК
Барыс ХК

Астананың «Барысы» ҚХЛ-дің кезекті турында «Адмиралға» қонаққа барып, жеңіліп қалды. Ойынның негізгі бөлігі 4:4 есебімен тең аяқталғанымен, овертаймда айдын иелерінің мерейі үстем болды.

Ойынның бірінші кезеңінде командалар гол соға алған жоқ. Есесіне, екінші және үшінші кезеңдерде жанкүйерлер соғылған сегіз шайбаның куәсі болды.

Екінші кезеңде «Адмирал» есеп ашқанымен, «Барыс» ойыншылары қатарынан екі шайба соғып, команданы алға шығарған. Алайда, үшінші кезеңде айдын иелері шабуылды үдетіп, астаналықтардың қақпасына үш бірдей гол соқты, «Барыс» екі голмен жауап қатты.

Негізгі уақыт тең аяқталғаннан кейін командалар жеңімпазды овертаймда анықтады. Қосымша уақытта «Адмирал» сапынан Волков гол соғып, матч тағдырын шешті.

«Барыстың» келесі ойыны 26 қазанға жоспарланған. Бұл күні астаналықтар сырт айдында «Автомобилист» командасымен кездеседі.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам