
Қазақстан қыздар құрамасы тарихында үш рет Азия ойындарының чемпионы болған
Харбинде (Қытай) өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында хоккейден Қазақстанның қыздар құрамасы күміс жүлде жеңіп алуға бір табан жақын.
Қыздар жарысының финалдық кезеңі айналмалы жүйе бойынша өтіп жатыр. Соңғы шешуші матчта біздің құрама команда Оңтүстік Кореямен кездесіп, 3:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Бірінші кезеңде Малика Алдабергенова есепті ашқан. Екінші кезең голсыз өткенімен, үшіншіде Юлия Буторина дәл соққысымен көзге түсті. Ал, матч аяқталар тұста ол бос қақпаға үшінші шайбаны соғып, ойын нүктесін қойды.
Осылайша 3 матчтан кейін 6 ұпай жинаған Қазақстан қыздар құрамасы екінші орынға нық жайғасты. Бірінші орында тұрған Жапонияда да 6 ұпайы бар, алайда олардың бір ойыны мен соғылған голдар саны артық. Олар бүгін 3 ұпайы бар Қытай құрамасымен кездеседі. Егер, Қытай жеңіп кеткен жағдайда үш командада да 6 ұпайдан болып, соғылған голдар саны бойынша орындар үлестіріледі. Жапония жеңген жағдайда Қазақстан екінші орынды сақтап қалады.
Айта кетейік, Қазақстанның қыздар құрамасы тарихында үш рет Азия ойындарының чемпионы және үш рет қол жүлдегері атанған.