Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстанның хоккей құрамасы Азия ойындарының финалына шықты

13.02.2025, 10:02

Финалдағы қарсылас Оңтүстік Корея – Жапония матчынан кейін белгілі болады

Қазақстанның хоккей құрамасы Азия ойындарының финалына шықты
olympic.kz

Харбинде (Қытай) өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында Қазақстанның хоккей құрамасы финалға шықты. Жартылай финалда Олег Болякин шәкірттері жарыс қожайындары – Қытай құрамасын жеңді.

Бас бапкер айдынға мына ойыншыларды алып шықты: Шутов (Әмірбеков); Данияр-Бекетаев, Старченко-Өмірбеков-Рымарев; Бреус-Гайтамиров, Савицкий-Лихотников-Панюков; Степаненко-Михайлов, Буяльский-Гренц-Оспанов; Королев-Бутенко, Колесников-Борисевич-Чапоров.

Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Тек екінші кезеңнің соңында ғана Роман Старченко гол соғып, Қазақстанды алға шығарды. Артынша Дмитрий Гренц есепті еселеді.

Матч аяқталар сәтте қытайлық Ван Цзинь бір шайба соғып, командасына үміт сыйлаған. Алайда, ойын аяқталуға 47 секунд қалғанда Дмитрий Бреус есепті 3:1-ге жеткізіп, Қазақстанды финалға алып шықты.

Алтын медаль үшін таласта Болякин шәкірттері Оңтүстік Корея немесе Жапония құрамаларымен айдынға шығады. Жартылай финалдық екінші матч 13 ақпанда сағат 11:00-де басталады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам