Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың Ислам Махачевті жеңетініне күмән келтірді

11.01.2026, 21:08

Ол екі салмақта чемпион атанған.

Танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың Ислам Махачевті жеңетініне күмән келтірді
©UFC

UFC Даңқ залының мүшесі, бұрынғы чемпион Майкл Биспинг жартылай орта салмақтағы қазіргі жағдайға баға беріп, дивизион чемпионы Ислам Махачевтің дайындығына тәнті болды.

Биспингтің пікірінше, үміткерлерге бай жартылай орта салмақта да Махачевке шынайы қауіп төндіре алатын қарсылас әзірге жоқ.

«Жартылай орта салмақ қазір бұрын-соңды болмаған деңгейде жасақталған. Мен бұл дивизион туралы, алда Исламмен кім төбелесуі керектігі жайлы жиырма минут бойы тоқтаусыз айтып бере аламын. Жеңілмеген Майкл Моралесті де мысалға келтіруге болады - бірақ оның да әлсіз тұстары бар. Қанша мықты үміткер болса да, өз басым Ислам Махачев жақын арада чемпиондық белдігін ешкімге бермейді деп ойлаймын. Ол ешкімнен жеңілмейтін сияқты», - деді Биспинг өзінің подкастында.

Еске сала кетейік, былтырғы қараша айында Ислам Махачев аустралиялық Джек Делла Маддаленаны жеңіп, жартылай орта салмақтағы чемпиондық белдікті иеленген еді. Дағыстандық файтердің еншісінде қатарынан 16 жеңіс бар, бұл көрсеткіш бойынша ол аты аңызға айналған Андерсон Силвамен теңесті.

Айта кету керек, дәл осы жартылай орта салмақта Қазақстанның басты жұлдызы Шавкат Рахмонов та өнер көрсетеді. Жеңілмеген қазақстандық файтер чемпиондық жекпе-жекке басты үміткерлердің қатарында. Дегенмен ол 2024 жылдың желтоқсанынан бері октагонға шыққан жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам