Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Әліби Ыдырыс UFC-дегі дебютінде жеңіске жетті

Бүгін, 09:52

Кездесу үш раундқа созылды.

Әліби Ыдырыс UFC-дегі дебютінде жеңіске жетті
Ed Mulholland/Zuffa LLC

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Әліби Ыдырыс (10-1) UFC ұйымындағы алғашқы ресми жекпе-жегін өткізіп, сенімді жеңіске қол жеткізді.

Ыдырыс АҚШ-тың Техас штатындағы Хьюстон қаласында өткен UFC Fight Night 267 турнирінде октагонға шықты. Оның қарсыласы - америкалық файтер Оди Осборн (13-9). Жекпе-жек аса жеңіл салмақта өтіп, үш раундқа жоспарланған болатын.

Кездесу толық үш раундқа созылып, төрешілердің ортақ шешімімен Әліби Ыдырыс жеңімпаз деп танылды.

Осылайша, қазақстандық спортшы кәсіби мансабындағы 11-жеңісіне қол жеткізіп, UFC-дегі дебютін сәтті бастады. Ал Оди Осборн ММА-де оныншы рет жеңіліс тапты.

Еске сала кетейік, бұған дейін де Ыдырыс UFC турнирінде өнер көрсеткен, бірақ ол кезде отандық спортшы ұйыммен келісімшартқа ие болу үшін ғана жұдырықтасқан еді. Кейін Әліби UFC-мен төрт жекпе-жекке арналған келісімшартқа қол қойды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам