Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Екі дивизионда чемпион болғым келеді»: Хамзат Чимаевтың салмақ ауыстырғаны рас па?

21.02.2026, 16:57

Ол өзіне қатысты ақпаратты растағандай болды.

«Екі дивизионда чемпион болғым келеді»: Хамзат Чимаевтың салмақ ауыстырғаны рас па?
©UFC

UFC-дің орта салмақтағы чемпионы Хамзат Чимаев келесі жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақтағы белбеуге таласуы мүмкін екенін растағандай болды. Бұл туралы «Борздың» өзі Майкл Биспингке берген сұхбатында айтты.

Биспингтің «жартылай ауыр салмаққа көтеріліп, ол жақта да чемпион болғың келе ме?» деген сұрағына Чимаев былай деп жауап қатты:

«Бәлкім қазірдің өзінде сол дивизионда шығармын. Алекс Перейра әлі жауап берген жоқ, бірақ көре жатармыз – мүмкін басқа біреу шығып қалар. Маған бәрібір, бастысы екі дивизионның чемпионы болғым келеді. Одан кейін орта салмаққа қайта оралуым мүмкін немесе ауыр салмаққа көтерілуім ықтимал. UFC-ден жеңіліссіз кетсем деген мақсатым жоқ. Маған бәрібір, айтулы жекпе-жектерге шықсам болды. Үш салмақ дәрежесінде чемпион бола аламын ба, оны бір Алла біледі, дегенмен тырысып көреміз».

Инсайдерлік ақпаратқа сүйенсек, Хамзат 11 сәуірде Майамиде өтетін UFC 327 турнирінің басты жекпе-жегінде Иржи Прохазкамен кездесуі мүмкін. Бұл айқаста 93 келідегі чемпиондық титул сарапқа салынады деген мәлімет бар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам