ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

«Бір-бір жарым жыл қалды»: Еркебұлан Тоқтар отбасын құру үшін маңызды шешім қабылдады

Бүгін, 16:22

Еркебұлан Тоқтар кәсіби мансабын қашан аяқтайтынын айтты

«Бір-бір жарым жыл қалды»: Еркебұлан Тоқтар отбасын құру үшін маңызды шешім қабылдады
әлеуметтік желі

Қазақстандық боксшы Еркебұлан Тоқтар кәсіби мансабын алдағы бір-бір жарым жылдың ішінде аяқтауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Астанада өткен International Boxing Day турнирінде өзбекстандық Бобиржон Исроиловты жеңгеннен кейін Тоқтар болашақ жоспары туралы айтып, спорттан кету туралы ойына отбасы құру ниеті де әсер еткенін жеткізді.

«Мансабымды бір немесе бір жарым жылдан кейін аяқтаймын. Отбасын құрғым келеді, ал мұндай жағдайда бұл өте қиын. Осы бір-бір жарым жылдың ішінде бизнесімді аяққа тұрғызып, менсіз де бәрі дұрыс жұмыс істейтіндей деңгейге жеткізгім келеді», – деді Тоқтар.

Боксшы спорттан кеткеннен кейін негізгі назарын бизнесіне және жеке өміріне аударуды жоспарлап отыр. Дегенмен мансабын аяқтағанға дейін нақты қанша жекпе-жек өткізетінін өзі де әзірге білмейді.

«Мүмкін 8-9, мүмкін екеу ғана. Қалай болатынын білмеймін. Соңғы үш жылдан бері “бұл менің соңғы жылым” деп айтып жүрмін. Сондықтан көре жатармыз», – деді ол.

Осылайша, Тоқтар мансабын аяқтаудың нақты күнін белгілемегенімен, алдағы бір-бір жарым жылды кәсіби спорттағы соңғы кезеңі ретінде қарастырып отырғанын аңғартты.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам