ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Сенсация! Қытай файтері Нурмагомедовты нокаутқа түсірді

Бүгін, 18:09

Сонг Ядонг бірден Дана Уайтқа үндеу жасады

Сенсация! Қытай файтері Нурмагомедовты нокаутқа түсірді
UFC

Қытайлық UFC файтері Сонг Ядонг Шанхайда өткен UFC Fight Night 286 турнирінде Умар Нурмагомедовты сенсациялық түрде жеңгеннен кейін чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек сұрады.

Кештің басты айқасында жеңіл салмақтағы рейтингтің алтыншы нөмірі Сонг Ядонг үшінші орында тұрған Умар Нурмагомедовпен кездесті. Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек екінші раундта аяқталды: қытайлық файтер қарсыласын нокаутқа түсіріп, мансабындағы ең ірі жеңістерінің біріне қол жеткізді.

Жекпе-жектен кейін Сонг көпшіліктің өзін фаворит санамағанын айтып, жеңіске деген сенімі шешуші рөл атқарғанын жеткізді.

«Маған ешкім сенбеді. Бірақ мен өзіме сендім, сондықтан жеңіске жеттім. Командам да маған сенді, сондықтан біз жеңдік», – деді Ядонг.

Осыдан кейін қытайлық спортшы UFC басшылығына тікелей үндеу жасап, келесі жекпе-жегін чемпиондық белбеу үшін өткізгісі келетінін мәлімдеді.

«Келесі кім? Маған титулдық жекпе-жек беріңдер! Дана, маған титулдық жекпе-жек бер! Мен UFC тарихындағы алғашқы қытайлық ерлер чемпионы боламын!» – деді Сонг.

Бұл жеңіс 28 жастағы Ядонгтың кәсіби ММА-дағы 24-жеңісі болды. Оның қазіргі рекорды – 24 жеңіс, 9 жеңіліс және 1 тең нәтиже.

Ал Умар Нурмагомедов кәсіпқой мансабында екінші рет жеңіліске ұшырады. Оның еншісінде 20 жеңіс пен 2 жеңіліс бар. Шанхайдағы жекпе-жекке дейін ресейлік файтер UFC рейтингінде үшінші, ал Сонг алтыншы орында тұрған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам