ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Төрт рет кейінге қалған жекпе-жек: Қуат Хамитов ресейлік «Атаманмен» кездеседі

Бүгін, 09:48

Хамитов келесі жекпе-жегін ресейлік Алексей «Атаман» Махноға қарсы өткізеді

Төрт рет кейінге қалған жекпе-жек: Қуат Хамитов ресейлік «Атаманмен» кездеседі
әлеуметтік желі

Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов келесі жекпе-жегін ресейлік Алексей «Атаман» Махноға қарсы өткізеді. Кездесу 30 қазанда Душанбеде өтетін ACA 209 турнирі аясында ұйымдастырылады.

Жекпе-жек жартылай орта салмақ дәрежесінде өтеді. Бұл кездесу ерекше қызығушылық тудырып отыр, өйткені Хамитов пен Махноны бұған дейін бірнеше рет кездестіруге әрекет жасалғанымен, жекпе-жек төрт рет өтпей қалған.

Алғаш рет олардың айқасы Fight Nights промоушенінде жоспарланған. Кейін 2025 жылы Дубайда өткен ACA 194 турнирінде қос файтер бетпе-бет кездесіп, ауызша түрде жекпе-жек өткізуге келіскен. Алайда ACA 197-дегі жоспарланған айқас жүзеге аспады.

2026 жылдың тамызында ACA 206 турнирінде де бұл жекпе-жекті өткізу жоспарланған, бірақ кездесу тағы кейінге шегерілді. Енді тараптарға жаңа дата бекітіліп отыр.

Қуат Хамитов соңғы рет 2025 жылдың қазанында ACA 194 турнирінде октагонға шықты. Ол ұйымдағы дебютінде ресейлік Анатолий Бойконы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген. Қазақстандық файтердің кәсіби ММА-дағы көрсеткіші — 28 жеңіс, 8 жеңіліс және 2 тең нәтиже.

Алексей Махно болса соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың желтоқсанында ACA 197 турнирінде өткізді. Ол румыниялық Аурел Пиртеадан үшінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңілген. Махноның еншісінде 27 жеңіс пен 13 жеңіліс бар.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам