ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Асу Алмабаев ACBJJ чемпиондық белбеуін жеңіп алды

Бүгін, 08:22

Отандасымыз Тәжікстанның 13:0 рекорды бар файтерін жеңді

Асу Алмабаев ACBJJ чемпиондық белбеуін жеңіп алды
1bol.kz

Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев Ыстанбұлда өткен ACBJJ 22 турнирінде чемпиондық белбеуді жеңіп алды. Ол бразилиялық джиу-джитсу мен грэпплинг ережелері бойынша өткен титулдық белдесуде Тәжікстан өкілі Халим Назрулоевты жеңді.

60 келіге дейінгі салмақтағы All-Stars Title Match кездесуі No-Gi форматында, яғни кимонсыз өтті. Белдесу толық уақытқа созылып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Алмабаевтың пайдасына аяқталды.

Оның қарсыласы Халим Назрулоев ММА-да әлі жеңіліп көрмеген. Оның еншісінде 13 жеңіс бар. Бұған дейін ол RCC және ONE ұйымдарында өнер көрсеткен.

Ыстанбұлдағы турнирге танымал жекпе-жек шеберлері де қатысты. Олардың қатарында UFC-дің бұрынғы чемпионы Белал Мухаммад, Брэндан Аллен, Юсеф Залал, Забит Магомедшарипов және Мухаммад Мокаев болды.

Айта кетейік, Алмабаев бір апта бұрын АҚШ-та өткен RAF 12 еркін күрес турнирінде де бақ сынаған. Ол америкалық Джонни ДиДжулиуспен кездесіп, шамамен бір жарым минутта мерзімінен бұрын жеңілген еді.

Ал қазақстандық файтердің ММА-дағы соңғы ресми жекпе-жегі маусым айында өтті. Алмабаев америкалық Чарльз Джонсонды үшінші раундта сабмишнмен жеңген болатын. Қазіргі таңда оның кәсіпқой ММА-дағы көрсеткіші — 24 жеңіс және 3 жеңіліс.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам