ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

«Сен сияқты мақтаншақ емеспін»: Еркебұлан Тоқтардың сөзі қырғыз файтерінің ашуын туғызды

Бүгін, 10:58

Еркебұлан Тоқтар қырғыз файтерінің қаржы қажет болған кезде ғана жекпе-жекке шығатынын айтқан

«Сен сияқты мақтаншақ емеспін»: Еркебұлан Тоқтардың сөзі қырғыз файтерінің ашуын туғызды
Әлеуметтік желі

Қырғызстандық ММА файтері Марсель Нұрланбекұлы қазақстандық Еркебұлан Тоқтардың Астанада өткен IBA Nomad турнирінен кейін айтқан сөзіне жауап берді.

Бұған дейін Еркебұлан Тоқтар Марсельмен ықтимал жекпе-жек туралы айтып, қырғыз файтері қаржы қажет болған кезде бұл кездесуге келісуі мүмкін деген пікір білдірген еді. Қырғыз файтері әлеуметтік желідегі парақшасында бұл сөздермен келіспейтінін мәлімдеді.

«Еркебұлан, ақша туралы айтпа. Сенсең де, сенбесең де, мен кез келген лигада сенен көп ақша аламын. Hype FC болсын, Octagon болсын — қай жерде өнер көрсетсем де, сенен төмен гонорар алған емеспін. Құдай куә, тек мен сен секілді оны мақтанып айтып жүрмеймін», – деді Марсель.

Қырғыз файтері өзінің табысы мен жеке өміріндегі жетістіктерін әлеуметтік желіде жариялай бермейтінін де атап өтті.

«Құдайға шүкір, көлігім бар, үй салдым, пәтер сатып алдым, ата-анама көлік әпердім. Қайырымдылықпен де айналысамыз, адамдарға 500 мыңнан көмектесетін кездеріміз бар. Бірақ мұның бәрін интернетке шығарып, мақтанбаймыз», – деді ол.

Сөзінің соңында Нұрланбекұлы бұл тұрғыда Қырғызстандағы көзқарас өзгеше екенін айтты.

«Қырғызстанда менталитет мүлдем басқа», – деді файтер.

Осылайша, Еркебұлан Тоқтар мен Марсель Нұрланбекұлы арасындағы ықтимал жекпе-жек төңірегіндегі сөз тартысы қайта қыза түсті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам