Жалғас Жұмағұлов Ташкенттегі жекпе-жекте қарсыласына есе жіберді
Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов Ташкентте (Өзбекстан) өткен IBA Nomad 16 турнирінде өнер көрсетті. Оның қарсыласы тәжікстандық Асрор Акпарходжаев болды.
Жартылай жеңіл салмақта өткен жекпе-жек ММА қолғаптарымен бокстасу ережесі бойынша ұйымдастырылды. Кездесу қорытындысында төрешілер бірауыздан жеңісті Акпарходжаевқа берді.
Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов аралас жекпе-жектегі соңғы ресми кездесуін маусым айында өткізді. Ол кезде қазақстандық файтер жеңіл салмақта Oktagon лигасының чемпионы атағы үшін бразилиялық Игор Севериноға қарсы октагонға шыққан.
Жекпе-жектің екінші раундында Северино тыйым салынған соққы жасап, Жұмағұлов кездесуді жалғастыра алмады. Осыған байланысты жекпе-жек өтпеді деп танылды.