Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

UFC-ге аяқ басқан Дияр Нұрғожай алғашқы жекпе-жегін қашан өткізеді?

10.10.2024, 10:02

Сарапшылар оны болашағынан зор үміт күттіретін файтер екенін айтуда

UFC-ге аяқ басқан Дияр Нұрғожай алғашқы жекпе-жегін қашан өткізеді?
скрин YouTube

Аралас жекпе-жектің элиталық дивизионы саналатын UFC промоушнына кеше ғана аяқ басқан Дияр Нұрғожай (10-0) өзінің алғашқы жекпе-жегі қашан болатынын білмейді. Vesti.kz тілшісіне сұхбат берген қазақ файтері әлі қарсылас іздемегенін де мойындады.

Айта кетейік, Нұрғожай өткен аптада UFC-ден контракт алып, элиталық дивизиондағы қазақтар санын толықтырған болатын.

«Контракт алғаныма әлі бір апта өткен жоқ. Қазір алғашқы жекпе-жек туралы ешнәрсе айта алмаймын. Қазір жаттығуды бастаймыз, климатқа үйренісейік, бапкеріммен отырып ақылдасамыз, бастысы қазіргі ажиотаж басылсын. Осыдан кейін менеджеріммен байланысып, қарсылас қарастырамыз. Мен файтер ретінде кез келген уақытта төбелесуге дайнымын. Міне қарсыласың, ертең октагонға шығасың десе де шыға берем. Ендігі сөз менеджерімде, сол кісілер шешеді», - деді Дияр аталған сұхбат барысында.

Айта кетейік, Дияр Нұрғожа UFC-ге іріктеу айқасында жеңіске жетіп, Дана Уайттың қолынан контракт алды. Ол бүгінге дейін аралас жекпе-жекте 10 айқас өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам