Файтер қашан тұрмысқа шығуы мүмкін екендігін айтты
ММА-де өнер көрсететін қазақстандық бойжеткен Карина Сейсенова Naiza TV-ға берген сұхбатында жеке өміріне қатысты сұраққа жауап беріп, қашан тұрмысқа шығуы мүмкін екендігін айтты.
– Сүйіктің бар ма? Жалпы, жеке өміріңе көңіл бөлесің бе, әлде бар назарды спортқа бұрдың ба?
– Бар назарым карьерама ауған. Бұл туралы әзірге ойламаймын. «Жігітің бар ма, қашан тұрмысқа шығасың?» деп жиі сұрайды. Әзірге бұл маған қызық емес.
– Директке жігіттер жазатын шығар?
– Иә, өте көп жазады. Шаршатты (күліп). Профильге «тұрмыстамын» немесе неке жүзігінің смайлигін салып «қызық емес» деп жазып қою керек еді.
Карина Сейсенова Naiza лигасында өнер көрсетеді. Әуесқой деңгейде спортшы ММА-ден әлем чемпионы атанған.