
Ол былтыр Муслим Нурмагомедовті нокаутпен жеңіп, Alash Pride FC чемпионы атанған
Ресейлік аралас жекпе-жек шебері, этникалық қазақ Саламат Исбулаев (8-0) азаматтығын ауыстырды. 28 жастағы файтер енді ресми түрде Қазақстан азаматы.
Саламат Орынбордың қазағы. Күні кешеге дейін ол Ресей азаматы саналып келген. Десе де, соңғы бірнеше жылдан бері Қазақстанда тұры, турнирлерге Қазақстанның туымен шығып жүрген. Енді оның паспорты да Қазақстандікі. Спортшының төлқұжатпен түскен фотосуреті Instagram-пабликтерде жарияланған.
Саламат Исбуллаев MMA-да 8 жекпе-жек өткізіп, оның бәрінде жеңіске жеткен. Оны көпішілкке танымал еткен – ресейлік Муслим Нурмагомедовпен болған жекпе-жек. Бұл кездесуде қарсыласын нокаутпен жеңген қазақ файтері Alash Pride FC чемпионы атанды.