
Ол енді RIZIN лигасында әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық файтер Қаршыға Дәуітбек (17-3) Жапонияда аралас жекпе-жектен өткен RIZIN 50 турнирінде өнер көрсетті.
Титулға үміткерлер жекпе-жегінде Дәуітбек жапониялық Тихиро Судзукимен (13-4) кездесіп, жартылай жеңіл салмақтағы үш раундтық айқаста төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Қаршыға Дәуітбек өзінің кәсіби мансабындағы 18-жеңісіне қол жеткізсе, Тихиро Судзуки бесінші рет жеңіліске ұшырады. Осы жеңісінің арқасында қазақстандық файтер жартылай жеңіл салмақтағы RIZIN чемпионына қарсы титулдық жекпе-жек өткізу құқығына ие болды. Бұл салмақта қазіргі чемпион – жапониялық Клебер Койке Эрбст (34-7-1).
Сондай-ақ, Қаршыға Дәуітбектің қатарынан он жекпе-жекте жеңіске жеткенін атап өткен жөн.