
Өйткені кездесу кездейсоқ жасалған белден төмен соққының салдарынан тоқтады.
28 маусымға қараған түні АҚШ-тың Иллинойс штатында PFL World Tournament 7 турнирі өтті. Ауыр салмақтағы Гран-при финалистері анықталған кеште Александр Романов (Молдова) пен Валентин Молдавский (Ресей) арасындағы жекпе-жек даулы аяқталды.
Өйткені кездесу кездейсоқ жасалған белден төмен соққының салдарынан тоқтады.
Романов пен Молдавский арасындағы жекпе-жек 25 минутқа кешігіп басталды. Бірақ көп күткен кездесудің соңы көңілден шықпады. Бастапқыда екі спортшы сақтықпен айқасты. Валентин кейде соққы алмасуға тырысса, Александр бірден клинчке кіріп, жекпе-жекті бақылауға көшті.
Алайда бірінші раундтың соңында тор маңындағы эпизодта Романов қарсыласынан тіземен екі бұттың ортасына соққы алып, бірден канвасқа құлады. Қатты ауырсынған ол орнынан тұра алмай, не болғанын нақты түсіндіре де алмады. Октагоннан өздігінен шыға алмаған спортшыны залдан зембілмен алып кетті.
Валентин Молдавский бұл соққының әдейі болмағанын түсіндіріп, қарсыласына көмектесуге тырысты.
Көпшілікті таңқалдырғаны — төрешілер бұл жекпе-жекті жойылған (No Contest) деп жарияламай, бірінші раундтың қорытындысы бойынша Александр Романовты жеңімпаз деп таныды. Молдавскийді дисквалификациялаған жоқ, тек соққының әдейі болмағанын атап өтті.