
Ринат Фахретдинов Швеция өкілі Андреас Густафссонмен өткізеді
Жартылай орта салмақта өнер көрсететін ресейлік UFC файтер Ринат Фахретдинов келесі жекпе-жегін Швеция өкілі Андреас Густафссонмен өткізеді. Бұл кездесу 6 қыркүйекте Париждегі (Франция) UFC Fight Night турнирінде өтеді.
Бұл туралы Eurosport порталының беделді журналисі Марсель Дорфф әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
Еске сала кетсек, соңғы жекпе-жегінде, яғни UFC 308 турнирінде (Абу-Даби, БАӘ), «Гладиатор» лақап атымен танымал Ринат бразилиялық Карлос Леал Мирандомен кездескен болатын. Үш раундқа созылған бұл жекпе-жекте төрешілер бірауыздан Ринатты жеңімпаз деп тапты.
Ал Андреас өз кезегінде соңғы кездесуін 8 маусымда UFC 316 турнирінде өткізіп, америкалық Хаос Уильямсті төрешілердің ортақ шешімімен жеңген.
Айта кетейік, Фахретдинов - UFC тарихында татар ұлтынан шыққан алғашқы спортшы.