ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Шавкат Рахмонов өзін «әбден тойынған» деп сынайтындарға жауап берді

Бүгін, 09:04
Шавкат Рахмонов өзін «әбден тойынған» деп сынайтындарға жауап берді
Фото: UFC

UFC-дегі алғашқы қазақстандық Шавкат Рахмонов өзін бұрынғыдай «аш емес» деп сынағандарға жауап берді. Ол Ulysmedia.kz сайтына берген сұхбатында жекпе-жекке ұзақ уақыт шықпай жүргенінің себебін де түсіндірді.

«Бұл – ішкі мотивацияны түсінбеген адамдардың сөзі деп білемін. Егер менде ынта болмаса, спортты баяғыда-ақ тастаған болар едім. Ал мен мақсат қойдым, сол жолмен келе жатырмын», – деді Рахмонов сұхбатында.

Ол көпшілік жаттығу процесін тоқтатпағанын айтты.

«Мен де адаммын, үнемі жаттығу жасап, робот сияқты жүру мүмкін емес. Денсаулығым, отбасым, жеке өмірім бар. Жаттығуымды барынша жасаймын. Қазір, мысалы, сіздерге сұхбат беріп болған соң, жаттығуға кірісемін. Бірақ көпшілік менің залда емес, көшеде жүргенімді көріп, «жаттығу жасамайды» деп ойлауы мүмкін. Бұл – жаңсақ пікір. Мен көбіне дайындық процесін жарияламаймын. Қарсыластарым да білмесін деймін. Демек, сырт көзге көрінбесе де, дайындық тоқтаған емес», – деді спортшы.

Сондай-ақ Шавкат биыл октагонға оралу ықтималдығы жайлы сауалға былай деп жауап берді.

«Әрине, жарақатымнан толық айығып, бабымда болсам, жыл соңына дейін октагонға оралғым келеді. Бірақ бұл – біздің салмақтағы жағдайға, чемпиондық белбеу үшін кіммен жекпе-жекке шығу мүмкіндігіне байланысты. Мен асықпай, соны күтіп отырмын. Біреумен жекпе-жек өткізу үшін емес, нақты мақсат – чемпиондық белбеу. Егер қажет болса, келесі жылды да күтуге дайынмын», – деді файтер.

Айта кетейік, Рахмоновтың соңғы жекпе-жегі 2024 жылдың соңында өткен. Содан бері ол жарақатына байланысты октагонға шықпаған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам