ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

«Бай отбасынан шыққанда, мұндай ауыр спортпен айналыспас едім» – Шавкат Рахмонов

07.07.2025, 23:40

Сұндай ауыр спортпен айналыспас едім.

«Бай отбасынан шыққанда, мұндай ауыр спортпен айналыспас едім» – Шавкат Рахмонов
скрин видео

Қазақстандық UFC жұлдызы Шавкат Рахмонов өзінің спорт жолын таңдауға не түрткі болғанын айтып, жастарға маңызды кеңес берді. Бұл туралы ол Ulysmedia.kz порталына берген сұхбатында бөлісті.

Егер мен бай отбасынан шыққан болсам, өзімді қинап, мұндай ауыр спортпен айналыспас едім. Кәсіппен шұғылданар едім. Спорт – үлкен еңбек, ол денсаулығыңды, уақытыңды талап етеді. Сондықтан жастарға да айтарым – алдымен білім алып, адам болған жөн. Бұл жол оңай емес, — деді жартылай орта салмақта өнер көрсететін файтер.

Шавкат Рахмонов чемпиондық белбеу — оның бала күнінен бергі арманы екенін айтып, сол арманға жету үшін тынымсыз еңбек етіп келе жатқанын жеткізді.

Мен бала кезімнен жарысуға, жеңіске жетуге құмар болдым. Егер менің орнымда басқа біреу болса, әлдеқашан спортты тастап кететін еді. Бірақ менің бойымда елге чемпиондық белбеуді сыйлағым келеді деген арман бар. Соған жету жолында еңбек етіп келемін. Барлығы Алланың қолында. Біз тек тырысуымыз керек, — деді ол.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов — қазіргі таңда UFC-дегі ең үздік қазақстандық спортшылардың бірі. Ол осы күнге дейін кәсіби мансабында бірде-бір рет жеңілмеген. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам