ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Күтпеген шешім. Шавкат Рахмонов басты үміткерге айналды

10.07.2025, 09:06

Бұл жерде бәрі Шавкаттың қашан оралатынына және Исламның жеңу-жеңбеуіне байланысты

Күтпеген шешім. Шавкат Рахмонов басты үміткерге айналды
Фото: instagram/shavkatrakhmonov94

UFC-дің аңызға айналған жекпе-жек шебері Даниэль Кормье «Pound 4 Pound» подкастында қазақстандық Шавкат Рахмоновтың әлеуеті мен UFC-де жартылай орта салмақтағы жағдай туралы өз ойын ортаға салды.

 Камару Баклиден тактикалық тұрғыдан басым түскен соң жартылай орта салмақтағы жағдай қалай өзгереді? Усман титул үшін келесі үміткер бола ала ма?

«Менің ойымша, Усманның титулдық жекпе-жекке шығу мүмкіндігі басқа кез келген спортшыға қарағанда әлдеқайда жоғары. Тек Шавкат Рахмоновтың ғана мүмкіндігі көбірек шығар. Егер Шавкат жақын арада октагонға оралса, онда көпшілік титулдық жекпе-жекке Шавкаттың лайық екенін айтатыны анық, себебі оның бір де бір жеңілісі жоқ. Дегенмен егер Ислам жеңіске жетсе, Усманмен өтетін жекпе-жекті сату оңайырақ болады, өйткені екеуінің де менеджері бір, ортасы бір, мұның ықпалы орасан. Бұл жерде бәрі Шавкаттың қашан оралатынына және Исламның жеңу-жеңбеуіне байланысты», – дейді ол. 

Айта кетейік, бұған дейінгі сұхбатында жарақатына байланысты былтырдан бері октагонға шықпаған Рахмонов уақытша жекпе-жектерге уақытын сарп еткісі келмейтінін айтып, чемпион Джек Делла Маддалена мен ресейлік Ислам Махачев арасындағы титулдық кездесу жеңімпазын күтетінін мәлімдеген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам