ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

«Хабибтің әсері». Танымал промоутер Азат Мақсұмның жеңілісі жайлы

Бүгін, 10:52

Нұраддин Садықов жеңісті Уланбековке беретінін білгенін айтады

«Хабибтің әсері». Танымал промоутер Азат Мақсұмның жеңілісі жайлы
meta-ratings.kz

Octagon деп аталатын қазақстандық ММА лигасының президенті Нұраддин Садықов аса жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық Азат Мақсұмның Тагир Уланбековтен жеңілісіне қатысты пікір білдірді.

Садықов Zamandas подкастында қонақта болып, жеңісті Уланбековке беретінін білгенін айтады.

«Жекпе-жек тең дәрежеде өтті, екеуі де жеңіске лайық болды. Бұл - бір. Екіншіден, біз, көрермен, айқасты әртүрлі ракурстан көреміз. Яғни кімнің қалай соққы, әдіс жасағаны, оның қалай тигенін - бәрін көреміз. Ал төрешілер тек отырған орындарындағы ракурстан көреді. Оның үстіне Хабиб Нурмагамедов пен Ислам Махачевтің қарсыластың бұрышында отырғаны тағы бар. Төрешілер Хабиб немесе Исламды жеке тануы да әбден мүмкін. Алдағы уақытта кездесіп қалғанда Хабибтің алдында қызармас үшін жеңісті сол тарапқа беруі түсінікті деп ойлаймын», - дейді ол.

Нұраддин Садықов тең айқаста жеңіс әдетте рейтингі жоғары спортшыға берілетінін алға тартты.

«Қалай дегенмен тең дәрежеде өткен айқас қой. Мұндайда рейтингіде кім жоғары тұрса, соның қолын көтереді. Әрі Хабибтің залда отырғанының әсері де бар. Сондықтан жеңісті бізге бермейтінін білдім. Егер айқаста әр раундты жеке-жеке емес, жалпылама қарағанда, онда Азатты жеңімпаз деп тануы мүмкін еді. Ал мұнда ең алдымен әр раундты жеке қарайды», - деп қосты Садықов.

Сөйте тұра бұл жайт Азаттың карьерасына ешқандай кері әсері жоқтығын да тілге тиек етті.

«Азат ұтылған жоқ, жекпе-жекте де, өз карьерасы үшін де. Бұл жеңіліс Тайсон Нэмді жеңгенінен де құндырақ», - деді маман.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам