ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

ММА жұлдызының жүрегі төрт рет тоқтап қалған

12.07.2025, 14:05

Бен Аскрен ауыр өкпе трансплантациясынан кейін есін жиды

ММА жұлдызының жүрегі төрт рет тоқтап қалған
fighttime.ru

UFC-дің аты аңызға айналған бұрынғы файтері, Bellator мен ONE ұйымдарының экс-чемпионы Бен Аскрен ауыр өкпе трансплантациясынан кейін есін жиды.

2025 жылғы 10 шілдеде аралас жекпе-жек жұлдызы Бен Аскрен күрделі отадан соң алғаш рет әлеуметтік желі арқылы үндеу жариялады. Ол операция кезінде төрт рет клиникалық өлім тіркелгенін айтты.

«Осының бәрі аяқталған соң, жұбайымның күнделігін оқыдым. Себебі 28 мамыр мен 2 шілде аралығындағы ештеңені есіме түсіре алмадым. Сол уақыт аралығында не болғанын мүлде білмеймін. Сол үшін әйелімнің жазбаларын оқып шықтым. Бұл кәдімгі фильм секілді. Сенудің өзі қиын. Менің жүрегім төрт рет тоқтап қалған. Шамамен 20 секундқа тоқтап қалып отырған.

Бірақ менің екі бірдей өкпемді алмастырды. Әйтеуір аман қалдым. Енді біртіндеп күш жинап, денемді қайта сезінуді үйреніп жүрмін. Кеше ғана таразыға өлшеніп едім, 66,7 келіні көрсетті. Мұндай салмақты мен соңғы рет 15 жасымда көргенмін. 45 күн ішінде 22 келі тастаппын. Бұл нағыз шайқас болды», — деді Аскрен көзіне жас алып.
 

Ауруханаға түсуі және медициналық жағдайы

2025 жылдың маусым айының басында Бен Аскрен ауыр күйде ауруханаға жатқызылған. Оған пневмонияның асқынған түрі және стафилококк инфекциясы диагнозы қойылған. Сондықтан да файтерге өкпе трансплантациясы қажет болды.

Бен Аскрен туралы

Бен Аскрен — аралас жекпе-жек өкілі және еркін күрестен Олимпиадаға қатысқан спортшы. Ол ерекше күрес стилі мен қарсыласын жекпе-жекте бақылау тәсілдері арқылы әлемдік спорт сахнасында айтарлықтай із қалдырды.

Спорттық жолын еркін күрестен бастаған Аскрен 2006 және 2007 жылдары NCAA чемпионатында жеңіске жетіп, Миссури университетінің атынан сынға түсті. 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында АҚШ құрамасы сапында 74 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, жетінші орын иеленді.

Олимпиададан кейін ММА-ға бет бұрған Аскрен 2010 жылы Bellator ұйымымен келісімшартқа отырып, екінші маусымның турнирінде жеңіске жетіп, жартылай орта салмақта чемпион атанды.

2014 жылы ол Азиядағы ONE Championship ұйымына ауысып, Нобутака Арайды жеңу арқылы тағы да чемпион белбеуін иеленді. Кейіннен Луис Сантос пен Николай Алексахинге қарсы жекпе-жектерде титулын қорғады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам