Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Хабиб Нурмагомедов Израильді қолдаған Мейвезерді сынап тастады

04.08.2025, 07:43

Хабибтің сөзінше, Мейвезердің әрекеттері қаржылық мүддемен ғана байланысты.

Хабиб Нурмагомедов Израильді қолдаған Мейвезерді сынап тастады
© Global Look Press / AFP

UFC-дің бұрынғы чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов Израильді қолдап пікір білдірген америкалық даңқты боксшы Флой Мейвезерді сынап тастады. UFC аңызының пікірінше, Флойд мұның бәрін ақша үшін жасап жүр.

Аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов әйгілі америкалық боксшы Флойд Мейвезердің Израиль мен Палестина арасындағы қақтығысқа қатысты ұстанымын қатаң сынға алды.
Хабибтің сөзінше, Мейвезердің әрекеттері қаржылық мүддемен ғана байланысты.

«Мен оның Израильді қолдап сөйлеген видеосын көрдім. Оның мұны ақша үшін жасап жүргенін түсінемін, себебі ол бүкіл мансабын ақша қуып өткізді. Ол үшін ең маңыздысы сыйақы екені рас. Ал мен октагонға өзімнен кейін мұра қалдыру үшін шықтым», - деді Хабиб Нью-Йоркте жанкүйерлермен өткен кездесуде.

Аталған іс-шара барысында ол Ислам Махачев, Умар және Усман Нурмагомедовтердің алдағы жекпе-жектеріне қатысты жоспарларын да ортаға салды.

Сонымен қатар Хабиб өзінің байырғы қарсыласы ирландиялық Конор Макгрегордің де әрекеттерін сынады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам