
Ол Дрикус Дю Плессиді айқын басымдықпен жеңді
Хамзат Чимаев орта салмақтағы UFC-дің жаңа чемпионы болды. Ол Чикагода өткен UFC 319 турнирінің басты жекпе-жегінде Дрикус Дю Плессиға қарсы шығып, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Төрешілер бірауыздан 50-44 есебін қойды.
Бұл Дю Плесси үшін төртінші белбеу қорғау мүмкіндігі еді, алайда ол алғаш рет UFC-де жеңіліп, чемпиондық атағынан айырылды. Оның көрсеткіші – 23 жеңіс, 3 жеңіліс. Бұған дейін ол Исраэль Адесаньяданы мерзімінен бұрын тоқтатып, Шон Стриклендті екі мәрте жеңген болатын.
Чимаев үшін бұл – мансабындағы ең ірі жетістік. Қазір оның рекорды – 15-0 (UFC-де 9-0). Ол 2020 жылы ұйымға қосылып, небәрі он күн ішінде екі жекпе-жек өткізіп, көпшіліктің назарын аударған еді.
Статистика Чимаевтың толық басымдығын көрсетті: ол қарсыласына 510 соққы дарытса, Дю Плесси бар-жоғы 56 соққы жасай алды. Сонымен қатар, Чимаев 21 минут 25 секунд бойы партерде толық бақылауды сақтап, қарсыласына мүмкіндік бермеді.
Осылайша, Хамзат Чимаев UFC орта салмағында жаңа чемпион ретінде тарихқа енді.