Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Америкадан үйреніп келдім». Еркебұлан Тоқтар қарсыласын нокаутпен жеңді

17.08.2025, 01:31

Кәсіби мансабындағы 11-жеңісіне қол жеткізді.

«Америкадан үйреніп келдім». Еркебұлан Тоқтар қарсыласын нокаутпен жеңді
скрин видео

Қазақстандық актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтар (10-3) аралас жекпе-жектен өткен Octagon 77 турнирінің басты жекпе-жегінде өнер көрсетті.

Жекпе-жек барысы

Еркебұлан Тоқтар аралық салмақта ирандық спортшы Фарзад Гадеримен (18-15) кездесті. Үш раундқа жоспарланған айқас екінші раундта аяқталды: қазақстандық спортшы қарсыласын соңғы секундта техникалық нокаутпен жеңді.

Жеке көрсеткіштері

Осылайша, Еркебұлан Тоқтар өзінің кәсіби мансабындағы 11-жеңісіне қол жеткізді. Ал ирандық файтер Гадери 16-шы рет жеңіліс тапты.

Қосымша мәлімет

Еркебұлан Тоқтар BMF белбеуінің иегері және қазіргі таңда қатарынан алты жеңіс сериясын жалғастырып келеді.

Айта кетейік, спорттан тыс өмірінде ол актер ретінде де танымал.

«Америкадан үйреніп келдім»

Жақында спортшы АҚШ-қа барып келген. Сол жерде біраз дайындық жүргізген.

«Қазақ еліне рахмет айтамын. Америкадан не үйреніп келді деген шығарсыңдар? Ортаға шығудың өзін гүл қылып жібердім. Хейтерлерім бір шелек су алып келіңдер дегенмін. Ашып жатқан жерлеріңе соны шашыңдар», - дейді спортшы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам