Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

UFC чемпиондар отаны қай жақта екенін айтты

19.08.2025, 22:30

Қазіргі UFC чемпиондарының жартысы Кавказ аймағынан шыққан

UFC чемпиондар отаны қай жақта екенін айтты
Әлеуметтік желі

UFC-дің ресми аккаунты Кавказ өңірінен шыққан спортшыларға арналған жазба жариялады.

Жазбада промоушен чемпиондары тізілген: Магомед Анкалаев (жартылай ауыр салмақ, Дағыстан), Илия Топурия (жеңіл салмақ, Грузия), Мераб Двалишвили (жеңіл салмақ, Грузия) және Хамзат Чимаев (орта салмақ, Шешенстан).

«Қазіргі UFC чемпиондарының жартысы Кавказ аймағынан шыққан. Бесіншісін күтеміз!» – деп жазылған әлемдегі ең танымал промоушеннің Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, бесінші чемпион Кавказдан шыққан Ислам Махачев болуы мүмкін. Бұрын жеңіл салмақта белбеу иесі атанған дағыстандық файтер чемпиондық атағынан бас тартып, жартылай орта салмаққа ауысқан.

UFC президенті Дана Уайттың айтуынша, биыл ол осы дивизионның чемпионы, аустралиялық Джек Делла Маддаленамен титулдық жекпе-жекке шығады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам