
Ол бұл салмақта қарсыластарын қоғадай жапыратыны анық
UFC-дегі тұңғыш ресейлік чемпион Олег Тактаров ұйымның қазіргі орта салмақтағы чемпионы Хамзат Чимаев пен қазақстандық жартылай орта салмақтағы жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов арасында өтуі мүмкін деген айқас жайлы пікір білдірді.
Betonmobile тілшісі Александр Гордополов Чимаевтың бұған дейін жартылай орта салмаққа қайта оралуға дайын екенін айтқанын еске салды. Ол кезде екеуі әлеуметтік желіде сөзге келіп қалған.
«Рахмонов бәріне қауқарлы. Шавкат Хамзат Чимаевты жартылай орта салмақта да еш қиындықсыз жеңе алады. Егер Шавкат орта салмаққа көтерілсе, онда жеңіске жететініне еш күмән жоқ. Ол бұл салмақта қарсыластарын қоғадай жапыратыны анық», - деді Тактаров Гордополовпен әңгімесінде.
Айта кетейік, жуырда Хамзат Чимаев UFC-де Дрикус Дю Плессиді жеңіп, орта салмақта чемпиондық белбеуді иеленген болатын. Ал Шавкат Рахмонов көктемде жасалған операциясынан кейін қайта қалпына келіп жатыр. Соңғы жекпе-жегін қазақстандық файтер былтырғы желтоқсанда өткізіп, төрешілердің ортақ шешімімен Иэн Гэрриді ұтқан еді.