28 жастағы Дияр Нұрғожай UFC-де екінші рет қатарынан жеңіліс тапты
Танымал қазақстандық ММА жауынгері Жалғас Жұмағұлов Қытайда өткен UFC турнирінде Дияр Нұрғожайдың мерзімінен бұрын жеңілісіне пікір білдірді.
– Дияр Нұрғожай UFC-де қатарынан екінші рет бірінші раундта жеңілді. Енді ол ұйымнан шығарылуы мүмкін. Осы жағдайға байланысты не айтар едіңіз? Мүмкін, Диярға қандай да бір кеңес берерсіз?
– Шынымды айтсам, Дияр жайлы не деуге болатынын білмеймін. Екі рет мерзімінен бұрын ұтылды. Бірақ ол әлі жас, алда өсуге мүмкіндігі бар. Меніңше, жаттығу лагерін ауыстырып, жекпе-жектерге психологиялық тұрғыдан да мықты дайындалуы қажет, – деді Жалғас Жұмағұлов.
Айта кетейік, 28 жастағы Дияр Нұрғожай UFC-де екі рет өнер көрсетіп, екеуінде де сабмишнмен жеңілген. Ол бұл ұйымға Dana White’s Contender Series жобасында жеңіске жеткеннен кейін қабылданған болатын.