ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Саламат Исбулаев америкалық PFL жекпе-жек лигасымен келісімшартқа қол қойды

Бүгін, 09:16

Саламат Исбулаевтың кәсіби рекорды – 9 жеңіс және 0 жеңіліс (9-0-0)

Саламат Исбулаев америкалық PFL жекпе-жек лигасымен келісімшартқа қол қойды
Olimpbet Arena

Жеңіліс көрмеген Alash Pride чемпионы әрі Olimpbet амбассадоры Саламат Исбулаев карьерасын шетелде жалғастырады. Ол әлемдегі екінші ең ірі ММА лигасы саналатын Professional Fighters League (PFL) ұйымымен келісімшартқа отырды. Алғашқы жекпе-жегі 2026 жылға жоспарланған.

Саламат Исбулаев ресми түрде бір жылдық келісімшартқа қол қойды. Құжатта екі жекпе-жекке кепілдік берілген, оның біріншісі 2026 жылдың басында өтеді. Қазақстандық спортшы және елдің жетекші букмекерлік компаниясы Olimpbet-тің амбассадоры өз шеберлігін әлемдік деңгейде көрсетуді көздеп отыр.

«Командама, бапкерлеріме және маған сенген барлық жанға алғыс айтамын. Алда жекпе-жек! Шынайы жұмысты көресіздер. PFL – мен келемін. Дайын болыңдар», – деді Исбулаев.

Қазіргі уақытқа дейін қазақстандық спортшылар PFL-де жеңіске жетпеген. Енді Саламат осы тізбекті үзіп, лигадағы қазақстандық спортшылардың жеңісті тарихын бастауы мүмкін.

Саламат Исбулаевтың кәсіби рекорды – 9 жеңіс және 0 жеңіліс (9-0-0). Оның тоғыз жекпе-жегінің барлығы мерзімінен бұрын аяқталған: алтауы нокаутпен (КО/ТКО), үшеуі сабмишнмен (SUB).

Соңғы рет Исбулаев 2025 жылдың 27 мамырында жекпе-жек өткізіп, Alash Pride лигасының турнирінде бірінші раундта жеңіске жетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам