ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Асу Алмабаевтан қашқан Өзбекстанның танымал файтері UFC-ден шеттетілді

02.10.2025, 12:34

28 жастағы файтер өз кінәсін мойындады

Асу Алмабаевтан қашқан Өзбекстанның танымал файтері UFC-ден шеттетілді
Getty Images

UFC ұйымы өзбекстандық аралас жекпе-жек шебері Рамазан Теміровті бір жылға дисквалификациялады. 

Спортшының сынамасынан тыйым салынған зат – триметазидин табылған. Ол гормондық және метаболикалық модуляторлар санатына жатады.

UFC баспасөз қызметінің мәліметінше, Теміровтің жазасы 2025 жылдың 5 шілдесінен бастап есептеледі. Дәл осы күні ол уақытша жарыстардан шеттетілген еді.

28 жастағы файтер өз кінәсін мойындап, дәріні дәрігердің тағайындауымен қабылдағанын айтқан. Ол препаратты тек қысқа уақыт ішінде пайдаланғанын дәлелдейтін құжаттарды да ұсынған.

Теміров кәсіби мансабында 22 жекпе-жек өткізіп, 19 рет жеңіске жеткен және небәрі үш рет жеңілген. Соңғы 11 кездесуінде қатарынан жеңіс тойын тойлаған.

Айта кетейік, Рамазан Теміров Абу-Дабиде өтетін турнирде қазақ файтері Асу Алмабаевпен кездесуі тиіс болған. Алайда допинг-тесттен өте алмай, жекпе-жек ұйымдастырылмады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам