ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

UWW қазақ пен қырғыз балуандарын Ислам ойындарында фаворит ретінде атады

18.11.2025, 12:16

Ризабек Айтмұқан мен Нұрқожа Қайпанов осы додада ел намысын қорғайды

UWW қазақ пен қырғыз балуандарын Ислам ойындарында фаворит ретінде атады
ҰОК

Біріккен күрес әлемі (UWW) Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ойындарында белдесетін қазақ балуандарын басты фавориттердің қатарына қосты.

Еркін күрестен әлем чемпиондары Ризабек Айтмұқан мен Нұрқожа Қайпанов осы додада ел намысын қорғайды. UWW оларды үздіктер тізімінде арнайы атап өтті. Айта кетейік, Ризабек Айтмұқан 97 келі, ал Нұрқожа Қайпанов 74 келі салмақта күреседі.

Сонымен бірге тізімге қырғыздың танымал балуандары — Ақжол Махмұдов пен Мейірім Жұманазарова да енді. Париж Олимпиадасында екі мәрте жүлде алған бұл спортшылар үшін Ислам ойындары биылғы маусымдағы ең маңызды бәсеке болмақ. Парижден кейін Махмұдов алғаш рет дәл осы додада кілемге шығады.

Ал Мейірім Жұманазарова биыл Ислам ойындарының екі дүркін чемпионы атануы мүмкін. Ол 2021 жылы Түркияның Конья қаласында өткен жарыста топ жарған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам