ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

«Менің жұдырығым – басты қаруым»: Ермахан Ыбырайымов ел білмейтін құпиясын айтты

19.11.2025, 17:20

Ермахан Ыбырайымов жұдырықпен шешкен мәселелері туралы айтты 

«Менің жұдырығым – басты қаруым»: Ермахан Ыбырайымов ел білмейтін құпиясын айтты
ҰОК

Бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымов мәселелерді жұдырықпен шешкен сәті туралы айтты. Журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында ол бірнеше рет жақындары үшін осындай қадамға барғанын жасырмады. 

«КСРО-ның спорт шебері болған соң қолымнан іс-әрекет келеді. Менің жұдырығым басты қаруым болды. Сондықтан «разборкаларға» барған кезде әңгімені тыңдап отырамын. Содан кейін біздің жақтан артық әңгімелер қозғалып жатса, өзім тоқтатамын. «Сен дұрыс істеп жатқан жоқсың. Осылар дұрыс айтып отыр. Мәселе осы адамдардың пайдасына шешілуі керек. Жіберген қателігімізді дұрыстауымыз керек» деп әділін айтатынмын. Ал жағдай керісінше болып, сөзге тоқтамаса әңгіме басқаша болатын. Маған «дөрекі жағдай болып тұр» деп айтады. Оны қалай тоқтатасың? Мәселені жұдырықпен тоқтатасың. «Разборкаға» келгендердің бәрінің мәселесін спорт шешетін. Ол боксшы әлде балуан болуы мүмкін. Жұдырық жұмсалған 1-2 сәттер болды. Олар қателігін мойындап, кейін кешірім сұрады», - деді бокс.

Ермахан Ыбырайымов бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы, Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері. Азия ойындарының және Азия біріншілігінің жеңімпазы. Әлем чемпионаттарының күміс және қола жүлдегері. Ол 2000 жылы Сидней Олимпиадасынан кейін спорттық мансабын аяқтады. Ал 2002-2004 жылдары ұлттық құраманың бас бапкері қызметін атқарған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам