Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Жасы қырыққа таяған легионер балуан Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін, 17:44

Ол 2008 жылғы Бейжиң олимпиадасында қола медаль иегері атанған

Жасы қырыққа таяған легионер балуан Қазақстан чемпионы атанды
UWW

Әйелдер күресінен Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Елена Шалыгина 2025 жылғы ел чемпионатында тағы топ жарды. 5 желтоқсанда 39 жасқа толатын балуан Бейжің Олимпиадасында жүлдегер атанған.

Ресейден келген легионер балуан 12 жылға жуық үзілістен соң ұлттық құрама сапына қосылған еді. Ол бұл жолы 68 келіде белдесіп, барлық қарсыласынан басым түсті. Осылайша ол алдағы жылы құрама сапында Азия және әлем чемпионатында сынға түсуі мүмкін.

Айта кетейік, Елена Шалыгина да Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Ол 2008 жылғы Бейжиң олимпиадасында қола медаль иегері атанған. Сондай-ақ, әлем чемпионатында бір рет күміс, екі рет қола медаль жеңіп алған. Азияның екі дүркін чемпионы, екі рет күміс, екі рет қола жүлдегері. Балуан 2022 жылы ұлттық құрама сапында Ислам ынтымақтастығы ойындарында топ жарды.

Естеріңізде болса, бұған дейін Ресейдің күрес федерациясы өз балуандарының азаматтық ауыстырып, өзге елдің құрамалары атынан сынға түсуіне шектеу қойғаны туралы жазған болатынбыз.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам