Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Еліміздің күрес федерациясын ұзақ басқарған Дәулет Тұрлыханов қызметін табыстады

Бүгін, 20:20

Ол аталған лауазымды 2000 жылдар басынан бері атқарып келді

Еліміздің күрес федерациясын ұзақ басқарған Дәулет Тұрлыханов қызметін табыстады
ҰОК

ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті қызметін атқарған Дәулет Тұрлыханов қызметінен кетті.

Ол аталған лауазымды 2000 жылдар басынан бері атқарып келіп, 2013 жылы вице-президент болып қайта жалғастырды. Ал 2021 жылы Сауат Мыңбаев федерация басшылығынан кеткеннен кейін Тұрлыханов бұл міндетіне қайта сайланған болатын.

4 жылға жуық уақыттан кейін федерацияның жаңа президенті болып кәсіпкер Еркін Окасов сайланды. Ғаламтордағы деректерде Еркін Оқасовтың кәсіпкерлікпен айналысатыны туралы дерек бар. Сондай-ақ, оның  «Qazaq Kuresi» қауымдастығының бірінші вице-президенті лауазымын атқарғаны туралы ақпарат белгілі болды.

Дәулет Тұрлыханов бүгінде Мәжіліс депутаты. Белгілі спорт қайраткері бір мандатты сайлау округі бойынша Астана қаласынан сайланған болатын.                         Тұрлыханов федерацияны басқарған соңғы үш жылда қазақ балуандары әлем чемпионатынан 3 алтын медаль иеленсе (2023, 2024, 2025 ж), былтыр Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасында күміс жүлдеге ие болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам