Антальяда күрес түрлерінен ірі халықаралық турнир аяқталған
Еркін күрестен Рио Олимпиадасының чемпионы, Түркия күрес федерациясының президенті Таха Ақгүл қазақ балуандарына алғыс білдірді.
Түркияда өткен жарыста қазақ балуандарының өнер көрсетуінен кейін Таха ҚР грек-рим, еркін және әйелдері күресі федерациясының вице-президенті Дәурен Еркінге ризашылығын жеткізді. Бұл туралы Дәурен Еркін әлеуметтік желідегі парақшасында кездесу сәтінен бейнежазба жариялады.
«Сен бізге спортшы алып келдің. Жарысқа қатыстың! Алла разы болсын! Мен де Қазақстанға барамын», - деді Таха Ақгүл.
Өткен аптаның соңында Антальяда күрес түрлерінен ірі халықаралық турнир аяқталған. Бұл сында 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Юсуф Ашрапов грек-рим күресінен алтын медаль жеңіп алса, 63 келіде Еркебұлан Ардақов пен 97 келі салмақта Рахат Бержанов үшінші орын иеленді.
Түрік балуаны Таха Ақгүл Рио Олимпиадасында чемпион атанса, сондай-ақ, Токио және Рио Олимпиадасында қола жүлде еншілеген. Әлем чемпионатының финалына бірнеше рет шығып, 3 рет алтын, 2 рет күміс медальға қол жеткізген. Сондай-ақ, Еуропаның 11 дүркін чемпионы атанған танымал спортшы. Балуан спорттық мансабын аяқтаған соң Түркияның күрес федерациясына басшылыққа сайланды.