Головкин жас чемпионмен жүздесті
Ұлттық олимпиада комитетінің президенті, кәсіпқой бокстан әлем чемпионы және 2004 жылғы Афины Олимпиадасының күміс жүлдегері Геннадий Головкин қысқы олимпиадада топ жарған қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровқа жүрекжарды лебізін білдірді.
13–14 ақпанға қараған түні ерлер арасындағы жекелей сырғанауда алтын медаль иеленген Шайдоров тәуелсіз Қазақстан тарихында 1994 жылдан бері қысқы олимпиадада чемпион атанған алғашқы спортшы ретінде ел мерейін үстем етті.
Марапаттау рәсімінен кейін Головкин жас чемпионмен жүздесіп, даңқты жеңістен кейінгі ең маңызды сынақ – атақ пен абыройды абыроймен алып жүру екенін атап өтті.
— Құттықтаймын, сен бұл жеңіске толық лайықсың. Қазақ спортының жаңа парағын аштың. Енді сен — Олимпиада отбасының мүшесісің. Мұны мақтан тұт. Бірақ кез келген алтын медальдің екінші жағы бар — даңқтың сынағы. Ең бастысы, адам болып қал, — деді ол.
Өз кезегінде 21 жастағы Олимпиада чемпионы қолдау білдіргені үшін алғыс айтып, бұл табыстың жалғасы боларына сенім білдірді.
— Бұл соңғысы емес деп үміттенемін, — деді Михаил Шайдоров.