Финалда ресейлік Әлихан Кцоевты 3:0 есебімен жеңді
Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқан Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен халықаралық Super 4 Wrestling коммерциялық турнирінде жеңімпаз атанды.
97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен балуан финалда ресейлік Әлихан Кцоевты 3:0 есебімен жеңіп, турнирдің чемпионы атанды.
Финалға дейін Ризабек жартылай финалда болгариялық Ахмед Батаевты 7:5 есебімен тізе бүктірген болатын.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұқан – 2023 жылғы әлем чемпионы. Сондай-ақ ол 2023, 2024 және 2025 жылдары Азия чемпионатында күміс жүлде иеленген.
Балуанның келесі жарысы – 25 ақпан мен 1 наурыз аралығында Албанияның Тирана қаласында өтетін Мұхамет Мало турнирі болмақ.