Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Олимпиада ойындарында жеке рекордын жаңартқан Самоделкина алдағы жоспары туралы айтты

20.02.2026, 09:19

Ол өз рекордын жаңартты. 

Олимпиада ойындарында жеке рекордын жаңартқан Самоделкина алдағы жоспары туралы айтты
Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Италияның Милан қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасында жекелей сындағы жарыстар аяқталды.

Төртжылдықтың басты додасында Қазақстан намысын Софья Самоделкина қорғады. Қысқа бағдарламадан кейін қазақстандық спортшы 12-орында тұрған. Ал еркін бағдарламада ол 138,99 ұпай жинады. Екі бағдарлама қорытындысы бойынша 207,46 ұпай еншілеп, жеке рекордын жаңартты. Нәтижесінде Самоделкина Олимпиада ойындарын 10-орынмен аяқтады.

Жарыстан соң спортшы көпшілікке алғыс білдірді.

 

«Жанкүйерлердің қолдауы өте керемет. Әр жарыста соған қайта-қайта таңғаламын. Әлеуметтік желілерде Қазақстаннан арнайы ұшып келіп, қолына ту ұстап, мені қолдаған адамдардың бейнежазбаларын көріп жүрмін.

Әрине, мұндай қолдау үлкен күш береді. Саған қол соғып, сол энергияны сезінгенде өзіңді еркін ұстайсың. Сондықтан баршаңызға алғысымды білдіріп, рахмет айтқым келеді.

Мен жарысқа нық сеніммен шықтым. Қысым емес, тек толқу болды. Өйткені сен мұзға шығып: «Уау, мен Олимпиададамын» деп айтасың. Бұл – қорқыныш емес, эмоцияның әсері.

Мені әлі 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысамын», - деді ол.

Алтын медальді америкалық Алиса Лю жеңіп алды – 226,79 ұпай. Айта кетейік, ол бұған дейін командалық жарыста да чемпион атанған еді. Күміс және қола жүлделер жапониялықтар Каори Сакамото (224,90 ұпай) мен Ами Накаиге бұйырды (219,16 ұпай).

Олимпиада ойындарындағы үздік бестік:

1. Алиса Лю (АҚШ) – 226,79
2. Каори Сакамото (Жапония) – 224,90
3. Ами Накаи (Жапония) – 219,16
4. Монэ Тиба (Жапония) – 217,88
5. Эмбер Гленн (АҚШ) – 214,91

Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында жалғыз медаль бар. Михаил Шайдоров ерлер арасындағы жекелей сында тарихи алтын жеңіп алған болатын.

2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары 22 ақпанға дейін жалғасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам