Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар Олимпиадада алғаш рет жүлдесіз қалды

20.02.2026, 10:17

Ресейлік спортшылар 36 рет Олимпиада жүлдесіне қол жеткізген

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар Олимпиадада алғаш рет жүлдесіз қалды
Getty Images

Ресей құрамасы Олимпиада тарихында алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан жүлдесіз қайтуға мәжбүр болды.

Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Ресей атынан екі спортшы өнер көрсеткен еді. Алайда Аделия Петросян еркін бағдарламада жалпы 214,53 ұпай жинап, алтыншы орынға тұрақтаса, ерлер арасындағы жекелей сында Петр Гуменник 271,21 ұпаймен қорытынды есепте алтыншы орын алды. Милан мен Кортина-д'Ампеццодағы Олимпиадада ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар командалық турнирге, жұптық сынға және мұздағы би бағдарламасынан тыс қалған болатын.

Жалпы алғанда, осыған дейін ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар 36 рет Олимпиада жүлдесіне қол жеткізген. Оның ішінде 17 алтын, 14 күміс және 5 қола медаль бар.

Бұған дейінгі ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар Қысқы Олимпиада ойындарында кем дегенде бір медаль жеңіп алып келген еді.

Айта кететін жайт, бұл сында Қазақстан құрамасының өкілі Михаил Шайдоров ерлер арасында жекелей сында үздік шығып, Олимпиада чемпионы атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам