Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Тирана турнирі: Демеу Жадыраев пен Ақжол Махмудов күреседі

21.02.2026, 10:35

Қос балуан 2024 жылы Парижде кездескен

Тирана турнирі: Демеу Жадыраев пен Ақжол Махмудов күреседі
ҰОК

Күрес түрлерінен Албанияда өтетін рейтингтік турнирде бірнеше фаворит арасындағы тартысты кездесулер өтуі мүмкін.

Аталған жарыста грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев (77 кг) сынға түседі. Сондай-ақ осы салмақта Токио және Париж Олимпиадаларының күміс және қола жүлдегері, қырғызстандық Ақжол Махмудов та белдеспек.

Бұл қос балуан 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарының ширек финалында кездесіп, жерлесіміз жеңіске жеткен еді.

Сонымен қатар, еркін күрестен 97 келіде Олимпиада чемпиондары Кайл Снайдер (АҚШ) мен Абдулрашид Садулаевтың (Ресей) жолы түйісуі ықтимал. Екі спортшы бұған дейін бірнеше рет белдесіп, соның үшеуінде Садулаев басым түскен.

25 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтетін дәстүрлі Тирана рейтингтік турниріне күрес түрлерінен Қазақстан ұлттық құрамасы толық құрамда қатысады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам