ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Нариман Құрбанов Германияда қола медаль жеңіп алды

22.02.2026, 09:58

Отандасымыз ат снарядындағы жаттығудың финалында сәтті өнер көрсетті

Нариман Құрбанов Германияда қола медаль жеңіп алды
ҰОК

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасы көшбасшыларының бірі Нариман Құрбанов Германияның Котбус қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде жүлдеге ие болды.

Отандасымыз ат снарядындағы жаттығудың финалында сәтті өнер көрсетті.

Құрбанов осы бағдарламаның ақтық сынында 14,933 ұпай жинап, қола медаль жеңіп алды.

Бірінші орынды 15,000 ұпаймен италиялық Габриэле Таргетта иеленді. Екінші орын армениялық Мамикон Хачатрянға бұйырды - 14,966 ұпай.

Қазақстандық Зейнолла Ыдырысов финалда 14,833 ұпай жинап, төртінші орынға ие болды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам