Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Михаил Шайдоров әлемді тағы өзіне қаратты: Әйгілі актер Джеки Чан құрмет көрсетті

Бүгін, 09:48

Шайдоровтың өнерін әйгілі актер Джеки Чанның өзі тамашалады

Михаил Шайдоров әлемді тағы өзіне қаратты: Әйгілі актер Джеки Чан құрмет көрсетті
Сали Сабиров

Миланда өткен 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары аясындағы гала-кеште қазақстандық Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров ерекше нөмірімен көрерменді тағы да таңқалдырды.

Дәстүр бойынша, гала-шоуға спортшылар жарыс бағдарламасында көрсетілмейтін арнайы қойылым дайындайды. Шайдоров бұл жолы мұз айдынына панда костюмінде шығып, көріністі шағын театрландырылған шоуға айналдырды.

Шайдоровтың өнерін әйгілі актер Джеки Чанның өзі тамашалап, спортшыға басын иіп құрмет көрсетіп, екі кішкентай панда ойыншығын сыйға тартты. 

— Мұз сарайына келгенде Джеки Чанның осында екенін білдім. Бірден суретке түсіп, гала-нөмірімді көруге шақырдым. Ол келісіп, соңына дейін қалатынын айтты. Кейін ұйымдастырушылар арқылы сөйлесіп, финалда бірге мұзға шығатын болып келістік, — деді Шайдоров.

Спортшы панда костюмінде өнер көрсету оңай болмағанын жасырмады.

— Костюмнің іші өте ыстық. Ал секіру тіпті қиын. Көлемді әрі жеңіл болғандықтан, қозғалған сайын теңселіп кетеді. Бұл бір жағынан өте қауіпті, — деп түсіндірді ол.

Михаил Олимпиада чемпионы атанғанын енді толық сезіне бастағанын айтып, қазір елге оралуды асыға күтіп жүргенін жеткізді.

Айта кетейік, гала-нөмірге оның шақыруымен грузиялық мәнерлеп сырғанаушылар Лука Берулава мен Ника Эгадзе де қатысты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам