Белгілі спортшы Қазақстан балуандары туралы пікір білдірді
Грек-рим күресінен Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Елмұрат Тасмұрат қазіргі уақытта Қазақстанда тұрып жатқанын айтты.
Бұл туралы ол Қанат Есеналиев есімді бапкермен әңгіме барысында баяндады. Балуанның сөзінше, ол ұзақ уақытта бері Астана қаласында тұрып жатқан көрінеді.
«Қазір Астана қаласындамын. Келгеніме 4 айдай уақыт болды. Ағаларымның қасындамын. 2-3 жыл бұрын АҚШ-та бапкер болып жұмыс істегенмін. Анығында бір жыл университте балуандарды дайындадым. Оқушы кезімде Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектеп-интернатында білім алдым. ҚР ұлттық құрамасының балуаны Асхат Жаңбыровпен бірге оқыдым. Кейін мен Өзбекстаннан, ол Қазақстан атынан жарысқа шығатын», - деді Олимпиада жүлдегері.
Сонымен бірге, белгілі спортшы Қазақстан балуандары туралы пікір білдірді.
«Жақында Алматауда оқу-жаттығу жиындарында болдым. Байқағаным Қазақстан балуандарының күрес деңгейі жоғары. Еңбекқор, техника жағынан жетілген балуандар көп. Мінезден бөлек жеңіске деген құштарлық бар», - деді Елмұрат Тасмұрадов.
Елмұрат Тасмұратов Рио Олимпиадасында 59 келіде қола жүлдеге ие болған. Ол әлем біріншіліктерінде 3 мәрте медаль иеленді. Бұдан бөлек, Азия біріншілігінің бес дүркін чемпионы, екі рет күміс жүлдегері атанған. Токио Олимпиадасына қатысқан балуан 2021 жылдың соңында спорттық мансабын аяқтайтынын мәлімдеген.