Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

ҰБҚ тарихында тұңғыш рет: Леброн Джеймс 43 мың ұпай еншіледі

Бүгін, 17:35

Бірақ оның клубы жеңіліс тапты. 

ҰБҚ тарихында тұңғыш рет: Леброн Джеймс 43 мың ұпай еншіледі
AP Photo

«Лос-Анджелес Лейкерс» шабуылшысы Леброн Джеймс Ұлттық баскетбол қауымдастығының тұрақты чемпионатында «Бостон Селтикске» қарсы өткен ойында тарихи жетістікке қол жеткізді.

41 жастағы Джеймс паркетте 34 минут өткізіп, 20 ұпай жинады, бес нәтижелі пас беріп, төрт рет допты қайтарып алды.

Леброн осы матчтағы 20 ұпайының арқасында ҰБҚ тарихында тұрақты чемпионаттарда 43 000 ұпай межесінен асқан алғашқы ойыншы атанды. Қазір оның еншісінде тұрақты маусымда 43 008 ұпай бар. Ал плей-офф ойындарын қосқанда, жалпы көрсеткіші 51 297 ұпайға жетті. Оның үстіне бұл кездесу Джеймс үшін тұрақты чемпионаттағы 1600-матч болды. Бұған дейін мұндай межеге тек Роберт Пэриш (1611 ойын) жеткен еді.

Дегенмен көшбасшысының рекордтық нәтижесі «Лейкерсті» жеңілістен құтқара алмады. Клуб өз алаңында 89:111 есебімен қарсыласына жол берді. 

Қазіргі таңда «Лейкерстің» есебінде 34 жеңіс болса, ал «Бостон» 37 ойынды өз пайдасына шешкен. Екі команда да плей-офф кезеңіне тікелей жолдама беретін аймақта тұр. Келесі матчта «Лос-Анджелес» «Орландомен» кездессе, «Бостон» сырт алаңда «Финикспен» өзара кім мықтыны анықтайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам