Ол 2019-2021 жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс істеген
Қазақстанда құқық қорғау саласында ұзақ жылдар қызмет атқарған Алик Шпекбаев спорт саласына басшылық қызмет атқаратын болды. Ол Алматы қалалық волейбол федерациясының президенті болып тағайындалып отыр.
Бұл туралы Қазақстан волейбол федерациясы таратқан хабарлады.
«Алик Шпекбаев Алматы қаласы волейбол федерациясының президенті болып тағайындалды. Алматы қаласының волейбол деңгейін көтеру жолында табысты еңбек тілейміз!» – деп жазылған федерация хабарламасында.
Алик Шпекбаев бұған дейін еліміздің күштік құрылымдарында бірқатар жоғары лауазымды қызметтер атқарған. Атап айтқанда, ол ішкі істер вице-министрі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның басшысы болды. Сондай-ақ 2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы қызметіне жетекшілік етті.