Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақстан балуаны Абдулрашид Садулаевқа есе жіберді

26.02.2026, 17:29

Отандасымыз 0:8 есебімен қарсыласына жол берді

Қазақстан балуаны Абдулрашид Садулаевқа есе жіберді
UWW

Албанияда күрес түрлерінен өтіп жатқан рейтингтік турнирде қазақстандық Нұрдәулет Бекенов екі дүркін Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаевпен белдесіп, жеңіліс тапты.

Еркін күрестен 97 келі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда отандасымыз 0:8 есебімен қарсыласына жол берді. Осылайша, Бекенов турнирдегі жарыс жолын аяқтады. Айта кетейік, ол іріктеу кезеңінде Словакия балуаны Батырбек Цакуловты жеңіп, ширек финалға шыққан болатын.

Бұл салмақта сынға түсіп жатқан әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан алғашқы белдесуінде Грузия өкілін 8:5 есебімен жеңсе, 1/8 финалда үндістандық балуанды 10:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты. Енді ол ширек финалда Италия спортшысы Бенжамин Конрадтан басым түссе, жартылай финалда Абдулрашид Садулаевпен кездесуі мүмкін.

Сондай-ақ 97 келіде Рио Олимпиадасының чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы Кайл Снайдер ширек финалда Ресей құрамасының өкілі Мухамед Ханиевке 4:10 есебімен есе жіберді.

Кеше жарыстың екінші күнінде еркін күрестен 86 келі салмақта Болат Сақаев қола жүлдеге ие болды. Айта кету керек, ұлттық құрама балуандары бұл рейтингтік турнирге жаңа бас бапкер Данияр Қайсановтың жетекшілігімен алғаш рет қатысып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам